Күрес

Қазақстандық балуандар Германия Гран-приінде 6 медаль жеңіп алды

Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Германия Гран-приі мәресіне жетті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Осымен 38-рет ұйымдастырылған додаға 23 мемлекеттен палуандар жиналды. Халықаралық турнирде ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Жарақатына байланысты біраз үзіліс алған Айдос Сұлтанғали (60 кг) 2 күн бойы қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз финалда америкалық Ильдар Хафизовты 6-5 есебімен ұтты.

Финалға шыққан тағы бір палуанымыз 55 келідегі Марлан Мұқашев күміс жүлдегер атанды.

Айналмалы жүйе бойынша өткен сында жарыс қожайыны Фабиан Шмитт топ жарды.

Ал 67 келіде Мейіржан Шермаханбет, 72 келіде Ибрагим Магомадов, 77 келіде Демеу Жадыраев және 130 келіде Әлімхан Сыздықов үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, осы спортшылардың ішінде Мейіржан мен Ибрагим былтыр алған жарақатынан кейін енді бозкілемге шығып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button