Шетел жаңалықтары

Марадона, Роналду, Мессидің арасында үздік футболшы анықталды

Мадридтің «Атлетико» клубының бұрынғы қорғаушысы Диего Годин Интер Майамидің» аргентиналық шабуылшысы «Лионель Мессиді тарихтағы үздік футболшы деп атады.

Біздің 2014 жылғы «Атлетикомен» чемпиондығымыз он есе құндырақ. Сол жылдары «Атлетико» мен Уругвай құрамасында нағыз бабында жүрген Лионель Месси мен «Реалда» Криштиану Роналдуға қарсы ойнауға мәжбүр болдым. Футбол тарихындағы үздік немесе осы дәуірдегі үздік футболшыға қарсы өткізген матчтар саны бойынша екінші орында тұрмын. Біреулер үшін футбол тарихындағы үздік ойыншы Марадона болса, мен үшін – Месси, – деді Годин.

Айта кетейік, Диего Годин 2023 жылдың шілде айында кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. 37 жастағы уругвайлық «Серро», «Насьональ», «Вильярреал», «Атлетико», «Интер», «Кальяри», «Атлетико Минейро» және «Велес» клубтарында ойнаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button