Шетел жаңалықтары

Александр Усик карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Ауыр салмақта WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик бокстан кетуді әлі жоспарламайтынын айтты, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Усик Даниэль Дюбуаны жеңіп, содан кейін әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін Тайсон Фьюримен бокстасса да, мансабын мұнымен аяқтағысы келмейтінін мәлімдеді.

Жоқ, бұл соңғы нүкте емес. Мен 36 жастамын, бірақ бұл тек басы. Бокс қолғабын 15 жасымда кидім. Бәрі енді ғана басталып жатыр. Бокста тағы бірнеше жыл ғана жүретінімді түсінемін. Өзім де бокста көп уақыт өткізгім келмейді. Балаларымды мектепке апарғым келеді, – деді Усик.

Естеріңізге сала кетейік, Усик – Дюбуа жекпе-жегі 26 тамызда Польшаның Вроцлав қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button