Шетел жаңалықтары
УЕФА маусымның үздік футболшысы атағына үміткер қыздарды атады
УЕФА өзінің ресми сайтында 2022/2023 маусымдағы үздік атағына лайық үш үміткер қыздың аттарын атады, деп хабарлайды "Қазақ спорты".
Бұл сыйлыққа испаниялықтар Айтана Бонмати мен Ольга Кармона, сонымен қатар австралиялық Сэм Керр үмітті. Жеңімпаздың есімі 31 тамызда Чемпиондар лигасыныың топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі кезінде анықталады.
Айта кету керек, Бонмати мен Кармона Испания құрамасы сапында әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ольга ағылшындармен өткен финалдық матчта жалғыз голдың авторы болды, ал Айтана 2023 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды.
Лондондық «Челси» футболшысы Керр Англияда екі рет жылдың үздік футболшысы ретінде танылған.