Басты

Ангелина Лукас чемпиондық атағын қорғады

Жеңіл салмақта қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Ыстамбұлдағы бокс кешінде өнер көрсетті

Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған айқаста Лукас қарсыласын нокдаунмен ұтты. Ол Танзания өкілі Стумаи Мукимен өзара кім мықтыны анықтаған болатын.

Ал жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Бұл кездесуде Ангелинаға тиесілі UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Айқас төрешілердің бірауыздан шешімімен Лукастың пайдасына аяқталды.

Екінші раундта африкалық бойжеткен нокдаунға түсті.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізіп, атағын қорғаса, Стумаи Муки төртінші рет жеңіліс тапты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button