Шетел жаңалықтары

Энтони Джошуадан жеңілген Роберт Хелениус допингпен ұсталды – БАҚ

Ауыр салмақтағы финляндиялық боксшы Роберт Хелениус британ Энтони Джошуамен жекпе-жек алдында допинг сынамадан өте алмай қалды.

Бұл туралы Allboxing Matchroom-ға сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек осы жылдың 13 тамызына қараған түні өтіп, жетінші раундта Джошуаның жеңісімен аяқталды.

Дереккөздің хабарлауынша, 39 жастағы Хелениус жекпе-жектен бір күн бұрын тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Дегенмен тестілеу нәтижелері енді ғана белгілі болды. Алайда спортшының бойынан қандай тыйым салынған зат табылғаны туралы мәлімет жоқ.

Бір қызығы, Джошуаның бұған дейін кездесуі тиіс қарсыласы Диллиан Уайт та тыйым салынған препарат қолданғаны үшін жекпе-жектен шеттетіліп, оның орнына Хелениус таңдалған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button