Шетел жаңалықтары

Хет-трик жасаған Роналду пікір білдірді

«Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 3-турында «Әл-Фатехпен» кездесудегі клубының жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Тағы да керемет командалық жұмыс. Алға, «Әл-Наср», – деп жазды Роналду әлеуметтік желілердің бірінде.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы чемпионатының 3-турында «Әл-Наср» «Әл-Фатехті» 5:0 есебімен жеңсе, Криштиану Роналду хет-трик жасады, ал Садио Мане дубль авторы атанды.

Роналду 2023 жылдың қаңтарынан бастап «Әл-Наср» сапында ойнайды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button