Шетел жаңалықтары

Ронни О`Салливан рейтингте көш басында қалды

Танымал снукерші Ронни О`Салливан European Masters қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте көш басындағы орнын сақтап қалады.

Турнир 22-27 аралығында Германияның Нюрнберг қаласында өтіп жатыр. Ронни медициналық себептерге байланысты турнирден бас тартты, осылайша бельгиялық Лука Бресель мен солтүстік ирландиялық Марк Алленге рейтингте алға шығуға мүмкіндік берген.

Ал ол үшін Бресель жартылай финалға шығуы керек еді, бірақ ол ширек финалда ағылшын Барри Хокинстен 4:5 есебімен жеңілді. Аллен турнирде жеңіске жетуі керек болған, дегенмен ол жарыстың бірінші раундында таиландтық Тепчай Ун-Нухтан 0:5 есебімен ұтылды.

Турнирдің жартылай финалдық кезеңі бүгін, 26 тамызда, басталады. Марк Селби Барри Хокинспен кездеседі, ал Джудд Трамп Джон Хиггинспен өзара мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button