Бастышахмат

Қазақстанның шахматтан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан қыздар арасындағы 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты өтті.

Қазақстан құрамасы әлем додасының күміс жүлдесін иеленді. Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына есе жіберді.

Шешуші кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсеткенін айта кетейік.

Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар қола медаль үшін ойында АҚШ шахматшыларынан жеңді.

Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрмеген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button