шахмат

Жансая Әбдімәлік шахматтан әлем чемпионатына неге қатыспағанын түсіндірді

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Быдгощте (Польша) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында неліктен өнер көрсетпегенін түсіндірді.

«Біздің қыздар әлем чемпионатының финалына шықты. Командада сіз неге болмадыңыз?» — деп сұрады оқырмандардың бірі.

Қыздар жарады, ал мен жастарға орын бердім, – деп жауап берді Жансая.

Командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді. Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына есе жіберді. Шешуші кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсеткенін айта кетейік.

Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар қола медаль үшін ойында АҚШ шахматшыларынан жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button