Армрестлингтен Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды.
Бүгін армрестлингтен алғашқы жүлде сарапқа салынды. Солақайлар арасындағы бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 12 медаль (5 алтын, 1 күміс, 6 қола) жеңіп алды.
1-орын — Ердәулет Сарыбай (70 кг)
1-орын — Нұрдәулет Айдархан (80 кг)
1-орын — Талғат Ақтаев (100 кг)
1-орын — Медет Құттымұратов (+110 кг)
1-орын — Әйгерім Қараманова (65 кг)
2-орын — Антонина Лисянская (+80 кг)
3-орын — Айтбек Бекет (110 кг)
3-орын — Нышанәлы Сәнім (+90 кг)
3-орын — Сандуғаш Сейдіш (55 кг)
3-орын — Жұлдыз Күнтуғанова (80 кг)
3-орын — Раушан Джаналиева (+80 кг)
3-орын — Никита Ермаков (пара армрестлинг).
Жалпы қол күресінен ел намысын қорғау үшін Сауд Арабиясына 17 спортшы келді. Бүгін олар оң қолмен күш сынасады.
Қазақстан делегациясы толағай табыстың арқасында жалпы есепте 2-орынға көтерілді. Қоржында 10 алтын, 11 күміс, 20 қола жүлде бар.
Көш басында 18 алтыны бар Украина келе жатыр. Үздік үштікті 9 алтынмен Сауд Арабиясы түйіндеп тұр.