Басқа спорт түрлері

Армрестлингтен Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды. 

Бүгін армрестлингтен алғашқы жүлде сарапқа салынды. Солақайлар арасындағы бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 12 медаль (5 алтын, 1 күміс, 6 қола) жеңіп алды.

1-орын – Ердәулет Сарыбай (70 кг)

1-орын – Нұрдәулет Айдархан (80 кг)

1-орын – Талғат Ақтаев (100 кг)

1-орын – Медет Құттымұратов (+110 кг)

1-орын – Әйгерім Қараманова (65 кг)

2-орын – Антонина Лисянская (+80 кг)

3-орын – Айтбек Бекет (110 кг)

3-орын – Нышанәлы Сәнім (+90 кг)

3-орын – Сандуғаш Сейдіш (55 кг)

3-орын – Жұлдыз Күнтуғанова (80 кг)

3-орын – Раушан Джаналиева (+80 кг)

3-орын – Никита Ермаков (пара армрестлинг).

Жалпы қол күресінен ел намысын қорғау үшін Сауд Арабиясына 17 спортшы келді. Бүгін олар оң қолмен күш сынасады.

Қазақстан делегациясы толағай табыстың арқасында жалпы есепте 2-орынға көтерілді. Қоржында 10 алтын, 11 күміс, 20 қола жүлде бар.

Көш басында 18 алтыны бар Украина келе жатыр. Үздік үштікті 9 алтынмен Сауд Арабиясы түйіндеп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button