БастыТеннис

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетті

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті.

Өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді.

Бұл — оның спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 165-тен 140-қа жоғарылады.

Денис Евсеев 179-дан 180-ге, Бейбіт Жуқаев 190-нан 191-ге түсіп қалды. Дмитрий Попко 309-дан 276-ға, Тимофей Скатов 272-ден 269-ға шықты.

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 45-ке көтерілсе, Андрей Голубев 70-тен 71-ге төмендеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button