Таеквондо

Отандық таеквондошылар лицензиялық турнирге қатысады

Іріктеу сынына төрт спортшы қатысады

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу үшін Қытайдың Тайань қаласына келді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетелік, Азия аймақтық іріктеу турнирін Қытайдың Тайань қаласы қабылдауда және аталған сынға төрт қазақстандық спортшы қатысады.

Олар:

57 келі: Мария Севостьянова

+67 келі: Жансель Дениз

58 келі: Самирхон Абабакиров

80 келі: Батырхан Төлеуғали

Айта кетелік, таеквондодан Олимпиада бағдарламасына сегіз салмақ дәрежесі енген. Алайда, әр команда тек төрт салмақта ғана спортшылар қоса алады.

Лицензиялық турнир 15-16 наурыз аралығына жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button