Дзюдо

Дзюдошылар Гран-приде жүлдесіз қалды

Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы медальсіз қалды.

Қазақстандық спортшылар арасынан Қанат Сейілхан ғана тәуір нәтиже көрсетті. Ол 60 келі салмақта бесінші орынға табан тіреді.

Қола медаль үшін өткен күресте Қанат Дильшот Халматовтан ұтылды.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы 30-орында қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button