Дзюдо

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді

Күні кеше Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленген Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді. Ол әлемдік рейтингте италиялық Ассунта Скуттодан, француз Ширин Букли мен жапон Нацуми Цунодан кейінжіберіп, 5184 ұпаймен 4-орынға орналасты.

48 келіде белдесетін дзюдошымыз рейтингтің көшін бастап тұрған Ассунта Скуттоға былтыр Дохада өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде ұтылып қалған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button