Теннис

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Бейруттегі халықаралық жарыста бақ сынайды

19-21 наурыз күндері Ливан астанасы Бейрутта үстел теннисінен WTТ Feeder Beirut 2024 халықаралық турнирі өтеді

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған сынға 20-дан астам елден 118 спортшы (69 ер, 49 әйел) қатысады.

Қазақстан атынан Айдос Кенжеғұлов, Сарвиноз Мирқадірова, Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Санжар Жұбанов, Анель Бақыт, Ескендір Харки, Ангелина Романовская, Ырысбек Артықметов, Арай Ашкеева өнер көрсетеді.

Біздің мүмкін қарсыластарымыздың қатарында жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 10 дүркін жүлдегері Чуан Чи-Юань (Тайбэй), әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы Ан Джэ Хён (Корея), Азия чемпионатының командалық есептегі қола жүлдегерлері Хармит Десай (Үндістан), Манав Таккар (Үндістан) және Сатиян Гнанасекарян (Үндістан), Олимпиада ойындарының командадағы қола жүлдегері, алты дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Ду Хойкем (Гонконг), командадағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Чжу Чэнчжу (Гонконг), әлем, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Со Хё Вон (Корея) бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button