Күрес

Күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында жаңа рекорд тіркелді

Біріккен чемпионатта жалпы есебі 1563 балуан бақ сынаған

Алматы облысының Қарасай ауданында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ел чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

Біріккен чемпионатта жалпы есебі 1563 балуан бақ сынаған. Бұл елішілік жарыстардағы жаңа рекорд саналады.

Қазақстан біріншілігінің басты мақсаты – жыл сайын аталған жас ерекшеліктері бойынша өтетін Азия және әлем чемпионаттарына команда жасақтау.

Былтыр 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес шебері Едіге Қасымбек күміс медаль иеленсе, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінің шебері Сұлтан Әсетұлы чемпион атанған еді.

Жалпы командалық есепте Алматы облысының балуандары топ жарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button