Қазақстан қыздар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды
7 және 13 сәуір аралығында Андоррада ІІА дивизионда қыздар командалары арасындағы хоккейден әлем чемпионаты өтеді.
![](https://qazaqsporty.kz/wp-content/uploads/2024/04/1712054015-780x470.jpg)
Бірінші дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Бельгия, Испания, Исландия, Тайбэй және Мексика командаларымен тартысқа түседі. Аталған турнирге қатысатын Қазақстан командасының құрамы жасақталды.
Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана)
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу») Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), Мунира Саяхатқызы, Дильназ Саяхатқызы, Карина Фельзинк (барлығы – «Торпедо»)
Қорғаушылар: Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы – «Айсұлу») Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (екеуі де – «Торпедо»)
Бас бапкер — Александр Тебеньков