Күрес

Қайрат Сағадиев: Бішкек кілемінде екі жолдама алсақ деген жоспар бар

19-21 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкек күрес түрлерінен Азия аймақтық лицензиялық турнирін қабылдайды.

Olympic.kz мәліметінше, аталған сынға қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев лицензияға қатысты пікірін бөлісті.

Бішкекке 11 сәуірде ұшамыз. Қазір Азия чемпионаты мен лицензиялық турнирге дайындалудамыз. Құрлық додасында олимпиадалық емес салмақтардағы ел чемпиондары мен қалған салмақтағы күміс жүлдегерлер күреседі.

Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын спортшылар бір апта бұрын барып, климатқа бейімделіп, жеке бапкерлерімен тактикалық тұрғыда жұмыс істей бермек.

20 сәуір күні қыздарымыз лицензия үшін кілемге шығады. Алты салмақтың екеуінде Олимпиадаға жолдама алсақ деген мақсатымыз бар, – дейді бас бапкер.

Еске сала кетейік, әйелдер күресінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының жолдамасы жоқ. Бішкек төрінде алты балуанымыз лицензияға таласады.

Олар: 

50 келі: Лаура Ғаниқызы

53 келі: Жұлдыз Ешімова

57 келі: Эмма Тисина

62 келі: Ирина Кузнецова

68 келі: Елена Шалыгина

76 келі: Жәмила Бақбергенова

Басқа жаңалықтар

Back to top button