Теннис

Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлайды.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар алғашқы айналымнан оңай өтті.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде аргентиналық Педро Качин – испаниялық Педро Мартинезді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button