Су спорты

Әртістік жүзуден Әлем кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Бұл сында бірінші орынды Қытай иеленді.

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

World Aquatics хабарлауынша, аралас жұптық сында техникалық бағдарламада қазақстандық Наргиза Болатова мен Эдуард Ким күміс жүлдегер атанды. Олар 199.4450 ұпай жинады.

Бұл сында бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Испания спортшылары иеленді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы техникалық бағларламадағы топтық жарыста Қытай мен Австралияға жол беріп, қола медаль жеңіп алды.

Біздің құрама 208.6020 ұпай еншілеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button