БастыҚысқы спорт

Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды,

Olympic.kz мәліметінше, 18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.

Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті.

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі. Сондай-ақ, ол аталған спорт түрінен екінші чемпиондығын атап өтуде.

2022 жылы Городко параллельді могулдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button