Семсерлесу

Олимпиадаға лицензия алған шпагашыларды қандай жарыс күтіп тұр

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Тбилисиде өткен Әлем кубогінің қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов Olympic.kz-ке берген сұхбатында команда мүшелері қызу дайындық үстінде екенін хабарлады.

Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Бүгін Қазақстан командасы Ыстықкөлге аттанды. 8-22 сәуір аралығында сол жақта жаттығу жиынын өткізеді.

Содан соң, біздің спортшылар Колумбияда өтетін Гран-при турниріне қатысады. Мұнда командалық жарыс жоқ, нояндарымыз тек жекелей сында өнер көрсетеді.

Гран-приді аяқтаған соң, Будапештте өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысамыз. Францияның Сен-Мор қаласында өтетін әлем кубогі өтеді. Сол жерде командалық жарыста бақ сынаймыз, – деді Байтасов.

Айта кетелік, семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет командалық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Шешуші жарыс Тбилисиде (Грузия) өткен болатын.

Қазақстан командасы рейтинг бойынша Азияда бірінші орын иеленіп, Олимпиадаға жолдама алды. Ал құрлық үздіктерінің бірі әлем кубогінің нәтижесі бойынша Парижге тікелей жолдама алған болатын.

Шпагашылардың бұл жолдамасы тарихи жолдама саналады. Бұған дейін Қазақстан командасы жазғы ойындарға толық құраммен қатыспаған. Олимпиада жолдамасын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай жеңіп алды.

Әлем кубогінің қола медалі үшін таласта Қазақстан Италияны жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button