Таеквондо

Қазақстандық таеквондошылар испаниядағы турнирден төрт медаль жеңіп алды

Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы есепте үшінші орын иеленді.

Olympic.kz мәліметінше, ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар.

Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button