Қысқы спорт

Әлем чемпионаты: әйелдер құрамасы турнир кестесінде көш бастады

Канильо (Андорра) қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы II дивизионындағы әлем чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, А тобындағы үшінші матчта отандастарымыз Исландия командасын ұтты. Ойын 7:2 есебімен аяқталды (5:0; 2:1; 0:1)

01:18 – Куценко

05:29 – Саяхатқызы

11:19 – Саяхатқызы

14:24 – Шегай

19:56 – Фельзинк

23:06 – Саяхатқызы

33:08 – Оразбаева

Еске салсақ, алғашқы ойында қазақстандықтар Мексикадан 4:2, кейін Тайбэйден 3:0 есебімен басым түскен.

Келесі матчта хоккейшілеріміз 11 сәуірде Бельгия құрамасына қарсы өткізсе, 13 сәуір ақтық ойында Испаниямен кездеседі. Қазір 9 ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде көш бастап тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button