БастыКүрес

Азамат Дәулетбеков UWW рейтингінде бірінші орынға шықты

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде көш бастады. 

Olympic.kz мәліметінше, Азамат Бішкектегі Азия чемпионатында топ жарған соң, жалпы есебі 52400 ұпаймен 86 келіде бірінші орынға көтерілді.

Екінші орында 45000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орында 44000 ұпай жинаған Сан-Марино өкілі Амин Майлз тұр.

Айта кетелік, Азамат Дәулетбеков Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында 86 келі салмақта жеңіске жетті. Ол қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр.Одан бөлек, Дәулетбеков 2022, 2023 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері.

Еркін күрестен Қазақстан командасының тағы бір өкілі Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақтағы әлемдік рейтингте екінші орынға тұрақтаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button