Семсерлесу

Семсерлесуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирге аттанды

27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді

Olympic.kz мәліметінше, төртжылдық додасына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Әйгерім Сарыбай  – сабля

Артем Саркисян – сабля

София Николайчук – шпага

Ғалым Нұрымов – рапира

София Ақтаева – рапира

Айта кетелік, мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button