БастыБокс

World Boxing ұйымы Азия чемпионатын өткізеді

World Boxing ұйымы 2025 жылы өтетін Азия чемпионаттарының кестесін жариялады.

Енді бокстан барлық жас дәрежесінде ерлер мен әйелдер бәсекесі қатар өтетін болды.

15 және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы құрлық бәсекесі 17 сәуір мен 1 мамыр аралығында Иордания астанасында жалауын желбіретеді.

Ал 19 бен 22 жасқа дейін спортшылар арасындағы турнир 20 шілде мен 3 тамыз аралығында үздіктерді анықтайды. Ал ересектер арасындағы Азия чемпионаты 1-15 қазан күндері ұйымдастырылмақ. Бұл біріншіліктерді қабылдайтын қалалар тізімі кейін белгіленеді.

Бұған дейін бокстан ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов World Boxing ұйымдастыратын әлем чемпионаты қыркүйек айында өтетінін атап, оған Қазақстан боксшылары қатысатынын айтқан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button