Семсерлесу
Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті
Италияның Падуя қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлдеге іліге алмады. Жекелей сында Артем Саркисян 91-орынға ие болды. Бақдәулет Құралбекұлы 95-орынмен жарысты аяқтаса, Назарбай Саттархан 109-шы, ал Жанат Нәбиев 176-шы нәтижені көрсетті.
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Әлем кубогының кезеңін 18-орынмен аяқтады.