Басқа спорт түрлері

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін…

«Сенімен Болашақ» РҚБ  Алматы филиалы  ұйымдастырған іс-шара «Өзіңді тап, өзегіңе орал» бағыты бойынша өрбіді.

Алматы қаласы спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» өткен рухани кездесуге «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет атамыздың рөлін сомдаған актер, композитор, драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлі қатысты.

Спикер рөлге дейінгі және рөлден көйінгі өмір жолынан сыр шерте отырып жастардың азаматтық рухын оятты. Ақынның шығармашылығында ағартушылық-демократтық сарында жазылған туындылардың алар орны зор екенін, әр сөзі ел болашағына, келер ұрпаққа негізделген ізгі ниетімен астасып жатқандығын жеткізді. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, қазақтың ендігі болашағы жастардың қолында екеніне сенім білдірді.

Іс-шараның мазмұнды өтуіне ұйытқы болған оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Дәлелқызы:

А.Байтұрсынов өзіне ғана тән өрнегімен, гуманистік идеяларға толы ағартушылық поэзиясымен төл әдебиетімізде есімі алтын әріппен жазылған дарынды ақын, қазақтың қастерлі перзенті, ұлт ұстазы. Ақын жырлаған тәлім-тәрбие, адамгершілік, туған жер, азаттық, оқу-білім тақырыптарындағы өлеңдерінің қайсысын алсаңыз да, ақынның азаматтық болмысымен астасып жатқанын аңғарамыз. Жастарға осы ұғымды, осы мағынаны жеткізгіміз келеді, — деп пікірімен бөлісті.

М.Бөлек

Басқа жаңалықтар

Back to top button