Шетел жаңалықтары
УЕФА шешімі: Чемпиондар лигасының финалы Парижге ауыстырылды
УЕФА басшысы Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Аренада» өтуі тиіс Чемпиондар лигасының финалын Парижге ауыстырды.
Енді финал 28 мамырда Франция астанасындағы «Стад де Франс» стадионында өтеді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Мұндай шешім Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қабылданып отыр. Бұл туралы одақтың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеше ғана УЕФА-ның атқарушы комитеті финалды өткізетін орынды ауыстыру мәселесін қарау үшін шұғыл отырыс ұйымдастыратынын хабарлағанбыз.