Басты

Ресми: Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) қыркүйекте үшінші кездесу өткізуге келісімін берді.

ESPN телеарнасының инсайдері Майк Коппинджер мәліметінше, Головкин тиісті келісімшартқа қол қойған. Бұл ақпаратты Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн растады.

Бірақ оған дейін Головкин сәуірде жапониялық Риота Муратаны( 16-2, 13 КО) ұтуы керек. Бұл екеуі орта салмақта IBF, IBO және WBA Super дәрежелері бойынша чемпиондық атақтарды сарапқа салмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button