Шетел жаңалықтары
ФИФА Ресей аумағында халықаралық турнир өткізуге тыйым салды
Халықаралық футбол федерациясының Кеңес бюросы Ресейде халықаралық матчтар өткізуге тыйым салды.
Бұл туралы ұйым сайтына сілтеме жасай отырып qazaqsporty.kz хабарлайды.
Мұндай шешім Украинадағы ахуалға байланысты УЕФА-мен бірлесіп және Халықаралық олимпиада комитетінің ұсыныстары бойынша жасалды.
«Ресей аумағында халықаралық турнирлер өткізілмейді. Ал құраманың үйдегі жарыстары бейтарап аумақта көрермендерсіз өтеді. Ресей атынан өнер көрсететін команда барлық жарыста «Ресей футбол кеңесі» атауымен ғана шығады», – делінген мәлімдемеде.