Қысқы спорт

Екатерина Аидова әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 500 метр қашықтыққа жүгіруден бақ сынады.

Айдова 38,40 секунд уақыт көрсетіп, мәреге жетінші болып жетті.

Бірінші орынды голландиялық Фемке Кок, екінші орынды австриялық спортшы Ванесса Герцог және үшінші орынды Польша спортшысы Анжелика Войчик иеленді.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Екатерина Айдова дәл осы қашықтықты 38.54 жүгіріп өтіп, 20-шы нәтиже көрсеткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button