Алматыда “Кемел” атты спорт кешені ашылды
Алматы қаласының Жетісу ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Жетісу ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
12 наурызда Жетісу ауданының Кемел шағын ауданында Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтті. Оның секциялары мен үйірмелері балаларға тегін болады.
Кешенде көркем гимнастика, эстетикалық топтық гимнастика, бадминтон және шығыс жекпе-жегінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат, тоғыз құмалақ секциялары жұмыс істейтін болады.
Ғимараттың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр, жобалық қуаты – ауысымына 94 адам. Кешеннің құрылысы өткен жылы салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен тұрғындар арасында спортты насихаттау, сондай-ақ ауданды кешенді дамыту мақсатында «Шетсіз қала» жобасы аясында басталды.