Теннис
Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазынан басым түсті
Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші айналымында қазақстандық Елена Рыбакина мен белорус Виктория Азаренко кездесті.
Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:4. Матчтың өзі 1 сағат 34 минутқа созылды. Екі теннисші өзара бірінші рет кездесіп тұр.
Енді ширек финалға шығу үшін Елена швейцариялық Виктория Голубичтен басым түсуі керек. Мұның алдында Голубич тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтқан болатын.