Шетел жаңалықтары
Кикбоксингтен әлем чемпионы оққа ұшты
Кикбоксингтен әлем чемпионы Заур Юсифов Бакуде куәгерлер алдында оққа ұшты.
Бұл туралы qazaqsporty.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Екі жыл бұрын Юсифовтің өзі қылмыстың серкесін өлтірді деген күдікке ілінген.
«Кикбоксингтен әлем чемпионы Заур Юсифов «Винчестер» қаруымен атылған. Оқиға Бакудің Насимин ауданы маңында болған. Ол оқиға орнында тіл көз жұмды. Жедел іздестіру шараларының арқасында 2000 жылы туған Самир Ширалиев күдікті ретінде ұсталды», — делінген жергілікті полиция басқармасы таратқан мәліметте.