Теннис

Андрей Голубев жұптық сында ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Индиан-Уэллс ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге екінші айналымда сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландтық Жан-Жюльен Ройермен кортқа шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық-германиялық жұп сағат жарымға созылған ойында 7:6 (7:0), 6:3 есебімен ұтты.

А.Голубев пен А.Зверев жартылай финалдың жолдамасын америкалықтар Тэйлор Харри Фриц – Томми Полмен сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button