Таеквондо

Таеквондодан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі. Екінші күн қорытындысы

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.

Кеше, 17 наурызда, спортшылар 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады: жасөспірім ұлдар арасында – 37 кг, 45 кг және 53 кг дейін, ал жасөспірім қыздар арасында – 33 кг, 41 кг, 47 кг және 51 кг. Бұл туралы Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, ел біріншілігінде Қазақстанның барлық өңірінен 580 спортшы бақ сынауда.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

37 кг

І орын – Алмат Қанатбаев, Атырау облысы

ІІ орын – Бауыржан Исамедин, Маңғыстау

ІІІ орын – Ринат Елібай, Шымкент; Таңғат Амангелді, Шымкент

45 кг

І орын – Бекет Болатұлы, Атырау облысы

ІІ орын – Рауан Рақымбек, Қарағанды облысы

ІІІ орын – Ғабит Сейітмұханбет, Түркістан облысы; Абылайхан Мергенбай, Маңғыстау

53 кг

І орын – Дарын Жайнеш, ШҚО

ІІ орын – Медет Елемесов, ШҚО

ІІІ орын – Бекжан Бақытжанұлы, Атырау облысы; Дәурен Салиханов, Атырау облысы

33 кг

І орын – Айым Серікбай, Жамбыл облысы

ІІ орын – Айғаным Мұқанғалиева, Қарағанды облысы

ІІІ орын – Нұргүл Сералиева, Атырау облысы; Дилинур Маркс, Алматы қ.

41 кг

І орын – Ақбота Желеу, Алматы қ.

ІІ орын – Томирис Маутқазы, Алматы облысы

ІІІ орын – Аяжан Маден, Алматы облысы; Аруна Балмаханбет, Жамбыл облысы

47 кг

І орын – Ксения Соколова, Жамбыл облысы

ІІ орын – Адема Байзақова, Алматы қ.

ІІІ орын – Айымжан Нұрберген, Ақтөбе облысы; Торғын Әлімхан, Қызылорда

51 кг

І орын – Ақханым Айбекқызы, Алматы қ.

ІІ орын – Айнура Қаржаубаева, Жамбыл облысы

ІІІ орын – Таңсұлу Шералы, Қызылорда; Вероника Журавлева, Жамбыл облысы.

Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысымен МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы таныс болыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button