Теннис
Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасына есе жіберді
Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалында WTA рейтингінде 20-орында тұрған Елена Рыбакина грекиялық Мария Саккариге жол берді
Алғашқы сетте қазақстандық 3:0 есебімен алда келе жатқан, деген басымдықты ұстап қала алмады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Матч бір сағат 38 минутқа созылды.
АҚШ-та өтіп жатқан Мастерсті Рыбакина екінші айналымнан бастады. Алдымен бельгиялық Элисон Ван Эйтванкті (әлемнің 58-ракеткасы) ұтты – 6:1, 7:5. Сонан соң әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы белорус Виктория Азаренкодан айласын асырды — 6:3, 6:4. Ал ширек финалдың жолдамасы үшін таласта швейцариялық Виктория Голубичтен (№51) басым түсті — 7:6 (5), 6:2.