Таеквондо

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Бельгияда жеңіске жетті

Бельгияның Ломмель қаласында таеквондодан «Belgian Open G2» рейтингілік турнирі өтіп жатыр

Бұл сында еліміздің атынан 58 кг салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров жеңімпаз атанды.

Самирхон алғашқы айналымда испаниялық Исаак Бланко Пинейродан, екінші айналымда американдық Дэвид Кимнен айласын асырды. Ширек финал жолдамасы үшін таласта даянг иесі Хеди Неффатиді жеңіп, ал жартылай финалда француз Сириан Раведен басым түсті. Раве — 2021 жылғы Еуропа чемпионы.

Финалда қазақстандық таеквондошы австралиялық Бэйли Льюисті ұтты. Осылайша қарсылас шақ келтірмеген Абабакиров жарыс жеңімпазы атанды. Осы нәтижесінің арқасында Самирхон 20 ұпайға иелік етіп, бұл өз кезегінде оған әлемдік рейтингте жоғарылауға көмектеседі. Қазір Абабакиров 92-орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button