Басты

Мемлекет басшысы үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді.

Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді.
Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12  және жаттығу жасайтын 24 үстел бар. Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындықты трибунамен жабдықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button