Басты

Ресейдің тағы бір спортшысы Олимпиада алтынынан айырылды

Спорттық жүрістен 2012жылғы Олимпиада чемпионы, ресейлік Елена Лашманова допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді.

Дисквалификация мерзімі 2021 жылдың 9 наурызында басталған.Оның 2012 жылдың 18 ақпаны мен 2014 жылдың 3 қаңтар аралығындағы нәтижелері жойылады. Сондықтан 2012 жылы Лондон Олимпиадасы мен 2013 жылғы әлем чемпионатында алған алтындарын қайтарып береді.

Бұл шешім Мәскеу антидопингтік зертханасының (LIMS) деректері негізінде қабылданғаны атап өтілді. Лашманова тыйым салынған заттар мен әдістерді қолданғаны үшін кінәлі деп танылды.

Допингке қарсы ережелердің жүйелі түрде бұзылуына байланысты Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының Дүниежүзілік жеңіл атлетикадағы қызметі 2015 жылы тоқтатылды. Шектеулер ресейлік спортшыларға бейтарап статус алмай, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік бермейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button