Қысқы спорт

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға неліктен виза берілмегені айтылды

Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаровқа неліктен виза берілмегенін түсіндірді.

Спортшыға визаға байланысты 21-27 наурыз аралығында өтетін Монпельдегі (Франция) әлем чемпионатына бара алмады.

«Михаил Шайдаров Сочиде тұрып жатыр. Ол жақта Олимпиада чемпионы Алексей Урмановтың қарамағындағы жаттығады. Визаға құжаттарын Мәскеуде тапсырды. Виза бермеу туралы хабарлама 21 наурызда келді. Оған шағым түсіруге уақыт сай келмейді. Сондықтан Михаил Шайдаров әлем чемпионатына қатыса алмайды», — делінген хабарламада.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button