Басты

Допингке байланысты алтынынан айырылған Ниджат Рахимов туралы ҰОК мәлімдеме жасады

Ұлттық Олимпиада комитеті кеше допингке байланысты Рио Олимпиадасының алтынынан айырылған Ниджат Рахимов туралы мәлімдеме жасады.

Халықаралық Олимпиада комитетінен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен  жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы зілтемірші Нижат Рахимовты  алтын медалінен (77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) айыру туралы ресми хабарлама түскен жоқ. Қосымша ақпарат болған жағдайда Қазақстан ҰОК ресми мәлімдемейді.

Қазақстан ҰОК Спорттық арбитраждық соттың (CAS) шешімдерін құрметтейді.

ҚР ҰОК Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) допингке мүлдем төзбеушілік және «таза» спортшыларды қорғау жөніндегі саясатын қолдайды. Қазақстан ҰОК допингке қарсы күресте ХОК ережелері мен белгіленген нормаларын сақтау саясатын жүзеге асырады және Олимпиадалық хартия мен Дүниежүзілік допингке қарсы кодексті мойындайды, сонымен қатар жаһандық допингке қарсы қозғалыстың мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы да допингке қарсы халықаралық саясатты қолдайды және оны бұзғаны үшін спортшы мен оның кәсіби спорттық қызметімен бірге жүретін адамдарды жеке жауапкершілікке тартуды көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button