Басқа спорт түрлері
Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды
Отандық гимнаст ұршықен жаттығу бойынша үздік үштікке енді.
Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бұл жаттығуда болгариялық Стиляна Николова топ жарса, оның отандасы Ева Брезалиева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Айта кетелік, бұл Эльжананың осы маусымдағы екінші медалі. Бұған дейін ол Ресейдегі Гран-при турнирінде күміс иеленген болатын.