Басты

Игорь Сон допингпен ұсталды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Соннан да допинг табылды.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының жасаған ресми мәлімдемесі мынандай:

2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді.

Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:

1. Абылай Әуелханов

2. Игорь Сон

3.  Юлия Потасова

4. Руфина Чалкарова

5. Алексей Дроздов

6.  Матвей Макрушин.

«Жоғарыда аталған барлық спортшылар Алматы облысының өкілдері болып табылады.Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Рио Олимпиадасының чемпионы Ниджат Рахымов алтын медалінен айырылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button