Таеквондо

Таеквондодан жастар арасындағы ел біріншілігінде алматылықтар топ жарды

Үш күнге созылған ел чемпионатына 478 спортшы қатысты.

Ақтөбеде таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Командалық есепте бірінші орын 241ұпай иеленген Алматы қаласына бұйырды. Құрама еншісінде 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль бар.

Алматы облысының құрамасы екінші орынға жайғасты. Жетісулық спортшылар 127 ұпай мен 10 медаль алса, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 3 қола. Ал еншісіне 113 ұпай тиген Қызылорда облысының таеквондошылары үздік үштікті қорытындылады. Сырбойылық таеквондошылар 8 медальге қол жеткізді: 1 алтын, 3 күміс және 4 қола.

Команда нәтижелері:

4. Жамбыл облысы – 107 ұпай (1 алтын, 2 күміс, 4 қола)

5. Түркістан облысы – 89 ұпай (1 алтын, 2 күміс, 3 қола)

6. Шымкент қаласы – 88 ұпай (1 алтын, 2 күміс, 5 қола)

7. Ақтөбе облысы – 80 ұпай (2 алтын, 1 күміс, 1 қола)

8. Маңғыстау облысы – 67 ұпай (1 күміс, 3 қола)

9. Атырау облысы – 59 ұпай (1 күміс, 2 қола)

10. Нұр-Сұлтан қаласы – 48 ұпай (2 алтын, 1 күміс)

11. Қостанай облысы – 40 ұпай (1 алтын, 1 қола)

12. ШҚО – 39 ұпай (1 алтын, 2 қола)

13. Павлодар облысы – 25 ұпай (3 қола)

14. Қарағанды облысы – 21 ұпай (медальсіз)

15. БҚО – 19 ұпай (1 қола)

16. Ақмола облысы – 12 ұпай (медальсіз).

Басқа жаңалықтар

Back to top button