Қысқы спорт
		
	
	
Денис Никиша 500 метрге қашықтыққа жүгіруден чемпион атанды
Шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша ел үздіктері анықталды.

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды.
Ерлер арасында Павлодар облысының өкілі Денис Никиша топ жарды. Батыс Қазақстандық Нұртілек Қажығали екінші болса, павлодарлық Еркебұлан Шамұханов үздік үштікті түйіндеді.
				


